Алматыда Qazaqstan IGF 2023 Интернетті басқару жайлы Ұлттық форум өтуде
18 қазан Алматы қаласында Qazaqstan IGF Интернетті басқару жайлы Ұлттық форум өтуде. Бұл іс-шара Қазақстанда ашық және қауіпсіз цифрлық кеңістікті құруға жәрдемдеседі.
Qazaqstan IGF 2023 Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшылығының ресми қолдауымен ҚР ЦДИАӨМ, Eurasian Digital Foundation, Drcq, КИБ Level 2, "Digital Paradigm", Blockchain KZ, Maqsut Narikbayev University серіктестіктерімен өткізілуде.
Форум аясында Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті (ҚР ЦДИАӨМ АҚК) мен информатика саласындағы ұлттық зерттеулер және әзірлемелер институты - Бухарест (Румыния) ici арасында меморандумға қол қойылды.
ҚР ЦДИАӨМ АҚК төрағасының орынбасары Мұстағұлов Талғат Сәрсенбайұлы Қазақстан Республикасында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ осы саланы дамытуға арналған жоспарлар жайлы айтып берді.
Qazaqstan IGF форумының алаңында интернетті басқару, дербес деректерді қорғау және киберқауіпсіздікке қатысты көптеген мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдардың, жеке сектордың, азаматтық қоғамның және академиялық ортаның 200-ден астам өкілі жиналды.