Астанада Қазақстандағы алғашқы «ЖЭК-гі әйелдер» марапатын тапсыру рәсімі өтті
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі EY-мен бірлесіп Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) және Жасыл климаттық қордың (ЖКҚ), жаңартылатын энергия көздері секторын (ЖЭК) қолдау және гендерлік теңдікті ілгерілету жөніндегі бағдарламасын сәтті аяқтады және Қазақстанның жаңартылатын энергетикасын дамытуда айтарлықтай табысқа қол жеткізді.
2023 жылғы 12 қазанда Астанада ҚР Энергетика вице-министрі - Ж.Нұрмағанбетовтың төрағалығымен бағдарламаның жабылу салтанаты өтті, онда алғаш рет индустрияның үздік өкілдеріне «ЖЭК секторындағы әйелдер» марапаттары табыс етілді.
Министрлік, EY, Ergon Associates, KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубы және «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы қолдайтын ЕҚДБ бағдарламасының бұл бастамасы Қазақстандағы жаңартылатын энергетика секторында ерекше кәсібилік пен институционалдық өзгерістерге ұмтылысын көрсеткен әйелдердің жетістіктерін тануға және көтермелеуге бағытталған.
Жабылу салтанаты кезінде EY командасы ЖЭК және гендерлік теңдік секторын қолдау бойынша ЕҚДБ/ЖКҚ бағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы айтып берді. Бастаманың жетістігі оның жаңартылатын энергетика секторына оң әсер етуінен, кәсіби әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауынан және жұмыс орнында гендерлік теңдік идеясын ілгерілетуге ықпал етуінен көрінді.
Іс-шараның басты оқиғасы «ЖЭК секторындағы әйелдер» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды, онда жаңартылатын энергетика секторын дамытуға үлгілі үлесі үшін көрнекті әйел көшбасшылар атап өтілді. Марапат номинацияларының арасында келесі категориялар болды: «ЖЭК саласындағы әйел көшбасшы», «Бизнес-көшбасшы», «өзгерістер қозғалтқышы», «ЖЭК секторындағы Жас көшбасшы» және «ЖЭК секторындағы Жас зерттеуші».
«ЖЭК секторындағы әйелдер» наградасын құру Қазақстандағы жаңартылатын энергетика секторының әлеуетін нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ол үлгі болатын әйелдерді анықтап қана қоймайды, сонымен қатар жаңартылатын энергетика секторындағы, мемлекеттік құрылымдардағы, бизнестегі және қоғамдық ұйымдардағы әйелдер үшін тең мүмкіндіктердің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттырады.
Іс-шара барысында Орталық Азия мен Кавказдағы EY консультациялық қызметтер тәжірибесінің жетекшісі Ксения Бабушкина: «жаңартылатын энергетикадағы әйелдер өзгерістердің катализаторы болып табылады, инновациялар мен тұрақты дамуды ынталандырады», - деп атап өтті.