Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

«Жаңа формация басшысы» бағдарламасы бойынша оқыту басталды

20-10-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай «Жаңа формация басшысы» оқу бағдарламасының ашылуына қатысты.

Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттің кешенді стратегиялық міндеттерін шешу үшін саяси қызметшілердің басқарушылық құзыреттерін жетілдіру. Оқытудан мемлекеттік органдардың басшылық құрамы өтеді.

МҚІА төрағасы елімізде ауқымды реформалар жүргізіліп, мемлекеттік басқарудың сервистік моделіне көшу процесі басталғанын айтты. Бұл ретте, жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру және кәсіби менеджерлерді даярлау өте маңызды.

Сондай-ақ Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметтегі менеджерлерге қажетті дағдыларға тоқталды.  «Жаңа формация басшысы мемлекеттік қызметте ұжымды басқарушы ғана емес, адами ресурстармен жұмыс істей алатын, талантты, кәсіби мамандарды іздеп тауып, мемлекеттік аппараттың қызметіне тартатын және тұрақтандыратын HR менеджерлерге айналуы қажет», - деді ол.

Атап өту керек, «Жаңа формация басшысы» бағдарламасы бойынша оқыту осы жылдың соңына дейін жүргізіледі. Оның барысында мемлекеттік саяси қызметшілер өз құзыреттерін дамытуға бағытталған түрлі форматтағы 3 модульден тұратын оқытудан өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив