Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Қолына пышақ алған оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды

13-02-2023, 12:36 Думан Кенжеғазыұлы

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаменті ағымдағы жылдың 13 ақпанында Петропавл қаласының №4 орта мектебінде оқитын 9 сынып оқушысы аталған мектептің 3 оқушысына дене жарақатын салғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілер облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, жағдайлары қалыпты.

Кәмелетке толмаған Д. полиция қызметкерлерімен ұсталды, осы факт бойынша ҚР ҚК 99–бабы 2-бөлігі 1-тармағы 14-тармақшасы, 24-бабының 3-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдын ала алынған мәліметтер бойынша кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады.

Кәмелетке толмағанның және мектеп әкімшілігінің іс-әрекеттеріне, сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құқықтық баға берілетін болады. 

Қалған жағдайлар анықталуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив