Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

2023 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының саны 20 миллион адамға жетеді – Аида Балаева

20-10-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында Австрия, Түркия, Венгрия, Чехия және Ресей ғалымдары мен сарапшыларының, сондай-ақ ҚР Парламенті депутаттарының, орталық және жергілікті атқарушы органдар, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Отбасы – Қазақстанның тұрақты демографиялық дамуының негізі» атты, отбасылық және демографиялық саясат мәселелері бойынша халықаралық конференция өтті.

Сарапшылар Қазақстанның демографиялық жағдайына қатысты өзекті мәселелерді, оң үрдістерді, елдің демографиялық дамуының міндеттерін, өңірлердің отбасылық-демографиялық дамуын болжау мен ерекшеліктерін талқылады.

 «2021 жылы біз соңғы 34 жылдың ішіндегі ең жоғары туу көрсеткішіне жеттік. Жалпы туу коэффициенті 3,3-і құрайды, бұл қарапайым халықтың көбею деңгейінен асып түседі. Соңғы 10 жылда халық саны шамамен 3 миллион адамға өсті. 2023 жылдың соңына қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді деп күтілуде. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы біздің алдымызға: қазіргі демографиялық үрдістерді – бәсекелестік артықшылықтарға айналдыру міндетін қойып отыр. Соңғы жылдары біз бақылап отырған жоғары туу коэффициенті – адами капиталдың сапасына әсер етпеуі керек. Отбасы институтының қолайлы дамуы үшін жағдай жасау, лайықты өмір мен жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету – біздің күш-жігер жұмсайтын негізгі аспектілеріміз»,- деп атап өтті, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Айта кетейік, Қазақстанда халықтың өмір сүру жасының ұзақтығы артып келеді. 2022 жылғы көрсеткіш бойынша бұл – 74,4 жасты құрады. Бұл ретте халық құрылымында жастар үлесінің өсуі байқалады. Ел азаматтарының орташа жасы - 32. Жастардың үлесі шамамен 30% құрайды. Бұл үрдіс одан әрі арта түседі. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив