Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

«Қазтеміртранс» АҚ вагондарымен қазақстандықтарға шамамен 41 млн тонна көмір жеткізілді

23-10-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазтеміртранс» АҚ-ның (КТТ) 20 мыңнан астам жартылай вагоны  тұрғындарға және ЖЭО-ға көмір тасымалдауға тартылған. Бұл бүкіл парктің  77% құрайды. 2023/2024 жж. жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері Қазақстан ішінде КТТ паркімен шамамен 41 млн тонна көмір тасымалданды. 

«Қазтеміртранс» АҚ және «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС әкімдіктермен, Энергетика министрлігімен және ҚР КМ-мен бірлесіп, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап 2023-2024 жж. жылыту маусымына қатты отынды біркелкі тасымалдауды жоспарлай бастады.

Алдын ала дайындық ең жоғары маусымда тиеу жүктемесінің жоғары болуына жол бермейді, тасымалдауды дұрыс жоспарлауға және жартылай вагондар мен локомотивтер паркін  біркелкі пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық аясында 5 мыңнан астам жартылай вагон жөнделді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив