Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысының тұрғынына алаяқ кезектен тыс көлік алып беремін деп уәде берген

26-10-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Полицияға Семей қаласының тұрғыны хабарласып, бейтаныс адам жеңілдік несиесі бойынша автокөлік беруді ресімдеуге көмек көрсету сылтауымен оның жарты миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденгенін хабарлады. 

Жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша автоорталықтан жаңа көліктер сатып алуға көмектесу – алаяқтық қулық. Дәлелденген схема бойынша алаяқ кезектен тыс және жеделдетілген тәртіпте жеңілдетілген несие бойынша автокөлікті рәсімдей аламын деп уәде берген. 

Полицейлер Семей қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Алаяқ ақшаны жұмсап қойған. 

Алаяқтық фактісі ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Полицейлер алданған адамдар көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Абай облысы полиция департаменті осындай форматтағы қылмыстық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарды 8-700-501-07-91 телефоны немесе «102» арнасы арқылы байланысуға шақырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив