Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Жетісу облысында 23 бухгалтер қамауға алынды — Антикор

26-10-2023, 17:26 018.kz

Жетісу облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс прокуратурасын үйлестіру кезінде Талдықорған қаласының білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты бюджет қаражатын жүйелі негізде аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Күдікті тұлғалар 2020 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде білім беру саласында шың мәнінде жұмыс істемейтің тұлгаларға жалақы төлеу және мектеп қызметкерлерінің жалақысын көтеру арқылы 4,6 млрд.теңге сомасына жымқыру жасады.

Қылмыстық іс бойынша 23 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады, оның ішінде 9-ы соттың санкциясымен қамауда.

Бұдан басқа, тартылған адамдардың ішінен -21 адам Талдықорған қаласы білім бөлімінің және 14 орта мектептің бухгалтерлері.

Залалды өтеу мақсатында соттың санкциясымен 31 жылжымайтын мүлік объектісі, 14 автомашина, зергерлік бұйымдар мен ақшалай қаражат қамауға алынды, сондай-ақ күдікті тұлғалардың жалпы сомасы 3 млрд.теңгеден астам өтеуі жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив