Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

Галидулла Азидуллин ҚР ЭТРМ вице-министрі қызметінен босатылды

27-10-2023, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Галидулла Азидоллаұлы Азидуллин берген өтінішіне сәйкес экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Галидулла Азидуллин 1981 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы басқармасында бастаған. ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды. 2023 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып жұмыс істеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив