Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

2026 жылы Луврда Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді

28-10-2023, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Мұражай қызметкерлерінің I конгресі барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәлімдеді.

«Қазіргі заманғы мұражай туристерді тартуға және осы саладағы әлеуетті дамытуға арналған. Мұражайлар тек тарихи жәдігерлерді сақтау және жинаумен шектеліп қалмай, үлкен ғылыми орталық ретінде де қызмет етуі керек. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік 2026 жылы әлемге әйгілі Лувр мұражайында Қазақстанның Ұлттық көрмесін ұйымдастыру жұмысын бастады. Қазіргі уақытта алдын ала келісімге қолжеткізілді. Луврда көрсетілетін Қазақстан Ұлттық павильонының тұжырымдамалық жобасы әзірленді», - деп атап өтті Күміс Сейітова.

Қазіргі уақытта министрлік Қазақстанның мәдени мұрасының ұлттық тізілімін жаңартуда, оған асық ойыны, тоғызқұмалақ, домбыра және т.б. сияқты қазақ халқының 47 ұлттық құндылықтары енгізілген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив