Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Алла елшісінің есімі ұлықталған күн

28-10-2023, 09:21 018.kz

ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен қалалық Мәдениет үйінде «Ізгілік жаршысы – Әз Пайғамбар» атты рухани Мәуліт кеші өтті.

Руханиятты байытуға арналған мәуліт кешінің биылғы басты ерекшелігі – мерекелік шараны «Өнер қырандары» театрының жүргізуімен өтуінде болды. Сондай ақ, ұлттық дәстүрімізде бар мәуліт жыры қазақша нұсқада терме нақышымен шырқалды.

«Біз бүгін адамзатты қараңғылықтан шығарып, нұрға бөленуіне дәнекер, әлемнің мәңгілік мақтанышына айналған, ең таңдаулы, мақтаулы, парасатты тұлғасына арналған Мәуліт кешіне жиналып отырмыз. Қасиетті Құран Кәрімде «Сендерге – Аллаға және Ақырет күніне үміт ететіндер әрі Алланы көп еске алғандарға – Алланың елшісінде көркем өнеге бар» («Ахзаб» сүресі, 21-аят) делінген. Осы айда еліміздің әр түкпірінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліті аталып өтілуде. Бұл мереке – адамзаттың ардақтысы болған Хақ елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағанын ұмытпауымыз керек» деп сөз бастады Асқар Әбітайұлы ұлық айдың қадір-қасиетіне тоқталып.

Ізгілік насихатталған кеште Өнер қырандары театры ғибратты қойылымдар қойса, Қанатбек Болатбек рухани кештің көркін әнмен әсемдеді. Қайырымдылықты да ұмыт қалдырмаған игі шарада  «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында 680-ші пәтер кілті көп балалы ана Жадыра Сұлтанбековаға табысталды.

ҚМДБ Абай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив