Абай облысы Мәдениет басқармасының басшысы тағайындалды
Идрисова Назира Тасболатқызы Абай облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Назира Тасболатқызы 1987 жылы 10 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын шет тілдері мамандығы бойынша (бакалавр) аяқтаған, сонымен қатар Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару мамандығы бойынша (бакалавр) және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша (магистр) бітірген. «International Governance and Public Policy» (АҚШ, Нью-Йорк қ.) бағдарламасы бойынша, Франция Әкімшілігінің Ұлттық мектебінде (Франция, Париж қ.) «Local government» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өткен.
Еңбек жолын 2009 жылы Борас орта мектеп бала-бақшасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2012 жылы Бесқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы, 2012-2014 жылдары – «Нұр Отан» халықтық – Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып істеген. 2014-2015 жылдары – Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болды.
2015 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл комитетінің қоғамдық-саяси, нормативтік-лингвистикалық жұмыстарды дамыту басқармасының бас сарапшысы, 2015-2022 жылдары - Бесқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
Тағайындалғанға дейін Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары болған.