Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

13-02-2023, 18:31 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан және ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың тең төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Жиынға бірқатар министрліктер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының өкілдері қатысты.

Ведомствоаралық жұмыс тобы ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шеңберіндегі өзекті мәселелерді, оның ішінде гендерлік саясат мәселелері бойынша үйлестірушіні айқындау, салық мақсаттары үшін ашықтық және ақпарат алмасу жөніндегі Жаһандық форумда Қазақстанды бағалау, сондай-ақ ЭЫДҰ-мен білім және ғылым салаласындағы ынтымақтастықтың күн тәртібін қарастырды.

Кездесу барысында қатысушылар ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылдың сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыровтың сөзінше, мақсат тек Ұйымға кіру емес, ең бастысы - ұлттық заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіріп, ел экономикасын тұрақты дамыту.

Кездесу қорытындысы бойынша ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы бірқатар хаттамалық шешімдер әзірленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив