Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Астана қаласы прокуратурасында тергеу сұрақтары бойынша оқыту семинары өткізілді

30-10-2023, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бас прокуратура, ағымдағы жылдың 27 қазанында Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп, Астана қаласы прокуратурасының алаңында қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде жұмысты жетілдіру, оның ішінде айыптау актілерін жасау бойынша семинар-тренинг өткізді.

Тренингке Астана қаласы, Қарағанды, Улытау облыстары прокуратураларының, БӘП және БКП қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Бас прокуратураның қызметінің бастығы Е.А.Сағиев процестік  құжатты жасау кезінде қылмыстық-процестік заңнаманың барлық талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, іс-шарада сот және сотқа дейінгі тергеу органдарының өкілдері баяндамалар жасады.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдан бастап қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді.

Негізгі жаңашылдықтардың бірі – тағылған айыптың көлемін анықтайтын және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қорытындысын шығаратын прокурордың айыптау актісі.

Прокурорлар 2022 жылдан бастап аса ауыр санаттағы қылмыстар бойынша, ағымдағы жылдан бастап сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар бойынша айыптау актілерін жасауда.

2024 жылдан бастап прокурорлар алдын ала тергеудің барлық істері бойынша айыптау актілерін жасайды.

Осындай көшпелі семинар-тренингтерді еліміздің басқа аймақтарында өткізу жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив