Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
440.86 500.77 5.27

ҚР СІМ басшысы Түркі академиясы және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының басшылығымен кездесті

3-11-2023, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық Саммиті қарсаңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі академиясының Президенті Шаин Мұстафаев және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының Президенті Гюнай Эфендиевамен кездесу өткізді.

Аталған ұйымдардың басшылары Түркі мәдениеті мен мұрасын халықаралық аренада зерделеу және дәріптеу жөніндегі өз қызметтері туралы баяндап, түркі елдерінде ғылым және білім беру әлеуетін дамыту бойынша ағымдағы жобалар туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде, Министр М.Нұртілеу түркі мәдени бірегейлігі идеясын ілгерілетудің және түркі елдері арасындағы тиісті жобаларды одан әрі іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив