Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Астанада ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы өтті

3-11-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Астана, 2023 жылғы 3 қараша - Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 10-мерейтойлық Саммиті қарсаңында Астанада ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 10-шы отырысы өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ТМҰ, ТүркПА және ТҮРКСОЙ Бас хатшылары, Түркі академиясының, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының, Түркі инвестициялық қорының президенттері және ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы қатысты.

Отырысқа қатысушылар ТМҰ мемлекеттері басшыларының алдағы Саммитіне дайындық мәселелерін талқылады, сондай-ақ осы іс-шара барысында қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобаларын бекітті.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив