Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Ақсуат ауданындағы мектептің материалдық базасы толығымен жаңартылды

3-11-2023, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылы Қожагелді батыр атындағы орта мектеп «Тірек мектебі» болып бекітіліп, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасына енгізілді. Бұл жоба ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттырып, ауыл оқушыларына қандай да бір жерге көшпей немесе арнайы мектептерге іріктеуден өтпей, тұрғылықты жерде сапалы білім алуға мүмкіндік береді.   

Бүгінде мектеп STEM-зертхана, робототехника, информатика, химия, биология, физика, математика, география, тарих, ағылшын, орыс тілі, қазақ тілі кабинеті, телестудия, ART-студия, мектепалды даярлық, бастауыш, музыка, алғашқы әскери дайындық, ағаш және металл өңдеу шеберханасы, тігін шеберханасы жиыны 30 оқу кабинеті және әдістемелік кабинет, психолог кабинеті, кітапхана, спорт залымен жабдықталды.

Мектеп жанындағы интернатты жөндеу жұмыстарына 41,5 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражатқа қосымша 572 жылу батареялары орнатылып, 130 есік пен 138 терезе ауыстырылды. Сондай-ақ, 3 бейнебақылау камерасы, санитарлық бекет, өртке қарсы жабдықтар орнатылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив