Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда 2023 жылдың 9 айында медиативтік келісім бойынша 50 мың іс қаралды

5-11-2023, 16:00 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде медиация саласын дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Оған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, медиация ұйымдарының басшылары қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 2021 жылдан бастап медиация жүйесінің жұмысы мен дамуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымының X саммиті барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медиация жүйесін дамыту мен қоғамдағы рөлін арттырудың маңыздылығы туралы айтқан болатын.

Отырысты ашқан жұмыс тобының басшысы, ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты Ләззат Сүлеймен медиация қызметі үшін уәкілетті органдардың жанынан жұмыс тобын құру  мемлекеттік реттеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дамытуға және әзірлеуге серпін беретінін атап өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров ағымдағы жылдан бастап екі жылға арналған жоба шеңберінде Қазақстанның барлық өңірінде халықты құқықтық ақпараттандыру мәселелері бойынша диалог алаңдары ұйымдастырылып, дауларды сотқа дейін реттеуді жетілдіру үшін қоғамдық медиаторларды оқыту процесі жүргізілетінін айтты.

«Біз халықаралық тәжірибені зерттеудеміз. Неміс даму институтымен байланыс орнаттық. Фин және швед тараптары да осы саланы оқытуға және ілгерілетуге қызығушылық білдіруде. Қазақстандық қоғамдық даму институты осы тақырыпты зерттеуге кірісті. Шетелдік әріптестердің тәжірибесін және ел ішіндегі жағдайды зерделей отырып, осы бағытты ілгерілету және одан да үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін ұсыныстар әзірлейтін боламыз», - деді вице-министр Данияр Қадыров.

Сондай-ақ өңірлердегі жергілікті атқарушы органдарының өкілдері бейнеконференция арқылы байланысқа шығып,  мемлекеттік саясатты іске асырудағы медиация саласының нәтижелері туралы баяндады. Айта кетейік, 2023 жылдың 9 айында медиативтік келісім бойынша 50 мың іс қаралды. Бұл көрсеткіш жалпы сот саласында аяқталған істердің 12,6% -ын құрайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив