Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Абай облысының оқушылары химия олимпиадасының жүлдегерлері атанды

6-11-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Жезқазған қаласында Қ.Сәтбаев атындағы 9-сынып оқушыларына арналған химия пәні бойынша республикалық олимпиадасы аяқталды. Зияткерлік сайыста Қазақстанның барлық аймақтарынан 75 оқушы бақ сынады.

Қатысушыларға арналған емтихан екі кезеңде өтті – теориялық және практикалық. Бірінші кезеңде мектеп оқушылары күрделілігі жоғары есептерді шешсе, екінші кезеңде химиялық заттарды қасиеттеріне қарай анықтап, зертханалық жұмыстар жүргізді.

Олимпиада қорытындысы бойынша Абай облысының оқушылары жеңіспен оралды. Атап айтқанда, Семей Білім-Инновация лицейінің оқушысы Әділжан Увалиев күміс медаль иеленсе, Семей қаласының № 6 лицейінің оқушысы Жалғас Кендірбаев Алматы қаласындағы Сәтбаев атындағы Satbayev University грант иегері атанды.  Мұндай грант қатысушылар арасынан үш оқушыға табысталды, бұл оларға орта мектепті бітіргеннен кейін осы ЖОО-да оқуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, олимпиада 30 қазан мен 2 қараша аралығында Ұлытау облысы Жезқазған қаласында өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив