Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдеріне Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту шеңберінде жұмыстың негізгі қағидаттары оқытылды

6-11-2023, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбекмині жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның сарапшылары мемлекеттік органдардың өкілдері үшін кәсіптік біліктілік бойынша салалық кеңестер құру, салалық біліктілік шеңберлерін (бұдан әрі – СБШ) және кәсіптік стандарттарды (бұдан әрі – КС) әзірлеу бойынша кезекті оқыту семинарын өткізді.

Оқытуға Су ресурстары және ирригация, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктерінің өкілдерінен 30-дан астам адам қатысты. 

Спикерлердің бірі Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның сарапшысы Динара Танашева, ол кәсіптік стандарттардың мақсаты, даму принциптері мен құрылымы туралы түсіндірді.

Семинар барысында кәсіптік біліктілік бойынша салалық кеңестердің алдында тұрған міндеттер, салалық кеңестерді құру тетігі қаралды. Семинар қатысушыларына СБШ әзірлеу және өзектендіру кезеңдері жан-жақты көрсетіліп, олардың бөлімдерінің мазмұны түсіндірілді, сондай-ақ оларды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге талдау жүргізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, проблемалық мәселелерді талқылады.

«Оқыту қолжетімді және интерактивті форматта өтті, кәсіптік біліктілік бойынша салалық кеңестер құру, салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру мәселелерінде қажетті ақпараттар пен түсініктер берілді», – деді семинарға қатысушылардың бірі – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілі Жоламан Уәлиев.

Сараптамалық қоғамдастықтар өкілдеріне арналған семинарлар циклі Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға мүдделі тараптардың қатысу дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында өткізіледі. Биыл қараша айының соңына дейін барлық мемлекеттік органдар үшін осындай семинарлар өткізу жоспарланған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив