Қазақстанда шетелдік әскери қызметшілер қарапайым халықты қорғау қағидаттарын зерделеуде
ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында (ҚАЗЦЕНТ) БҰҰ-ның халықаралық сертификатталған «Қарапайым халықты кешенді қорғау» курсы өтуде.
Курс тыңдаушылары – Иран, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, Франция, Чехия, Жапония қарулы күштерінің, сондай-ақ Қазақстанның күш ведомстволарының әскери қызметшілері.
Екі апталық курстың бағдарламасына БҰҰ миссиясы элементтерінің тұжырымдамасы мен рөлі, бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі бітімгерлердің құқықтары мен міндеттері кірді.
– Барлық материалдарды БҰҰ Бітімгерлік операциялар департаментінің Біріккен дайындық қызметі әзірлеп, бекітті, – деді сабақ жетекшісі майор Арман Тастанбеков. – Курстар бейбіт тұрғындарды қорғау мандатымен БҰҰ миссияларына қатысуды жоспарлауға қажет.
Орталық нұсқаушылары сабақтарды Қазақстандағы БҰҰ кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп өткізеді. Әдістеме топтық талқылауларды ұйымдастыруды, презентация мен бейнематериалдарды кеңінен қолдануды топшылайды.
Мұндай курсты сапалы меңгеру бітімгерлерге бейбіт тұрғындарды қорғау жөніндегі міндеттерді орындау барысында тиімді болмақ және бұл бейбіт тұрғындардың БҰҰ миссиясына деген сеніміне ықпал етеді.
Тыңдаушылар курс аяқталған соң БҰҰ-ның сертификаттарын алады.