2023 жылғы 17 қаңтарда Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді
Абай облысы мәслихат депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына Абай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы 2023 жылы 17 қаңтарында сағат 11.00-де облыс әкімдігі ғимаратында өтеді.
Депутаттарды және шақырылғандарды тіркеу сағат 09.00-ден басталады. (Семей қаласы Қ.Мұхамедханов көшесі 8, 206 мәжіліс залы)
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
- Абай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы;
- Абай облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы;
- Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестуру кеңестің құрамын бекіту туралы;
- Абай облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы;
- Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы;
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 05 шілдедедгі № 2/12-VII «Абай облысының аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Тағыда оқыңыз
Әлихан Смайылов Үкіметтің 2023 жылға арналған басым міндеттерін белгіледі«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ЕКІБАСТҰЗДЫҚ 1000-нан АСТАМ БАЛАҒА ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы»Педагог – сарапшы Нұрланова Айгерім Қуандыққызымен сұхбатӨңірлік әуежайларды қолдау үшін субсидиялау тетігі қарастырылады