Маңызы зор медициналық құрылғы
Жаңа Қазақстандағы жас өнертапқыш, біздің жерлесіміз Құлахмет Шыңғыс Зейнел-Ғабиденұлы басшылық жасайтын MED 365 компаниясының өнімдері әлеуметтік сұраныс пен бүгінгі таңдағы қоғамдық қажетілік ретінде қарастырылуда. Әлеуметтік маңызы зор жобамен Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы арнайы танысып өз бағасын берген болатын. Адам денсаулығына өте жылдам уақытта сараптама жасап, шынайы қорытынды шығарып бере алатын осы медициналық құрылғылар қазірде кең қоланысқа енуде.
Дүн - дүниедегі бағасыз байлық адам өмірі. Алып зауыттар мен үлкен комбинаттар, алпауыт мекемелердегі еңбеккерлердің жұмысқа жарамдылығын MED 365 комапаниясының медициналық құрылғыларымен тексеру уақыт үнемдеумен қатар шынайы ақпаратпен де қамтамасыз етеді. Адам факторы болғаннан соң қателесу немесе тексерушінің жеке көзқарасына байланысты көз жұма салу оқуғалары да орын алатыны жасырын емес. Ал, компютер анықтап, арнайы құрылғы нақылаған шешімді ешкім өзгерте алмайды. Бұл қауіптілігі түрлі деңгейдегі жұмысқа баратын маманның денсаулығына байланысты жұмыс берушіге адал шешімін айтады. Осының нәтижесінде қауіпсіздік қағидалары ескеріліп, оқыс оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік мол.
Астана қаласының №3 автобус паркінде Үкімет Аппараты, Көлік миистрлігі және Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының «City Transportation Systems ЖШС өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өтті.
Кездесу барысында MED365 компаниясы ұсынған жүйенің жүргізушіні автоматтандырылған биометриялық сәйкестендіруі, көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясы, алкогольдік масаңдықты тексеру, дене температурасы, қан қысымы және пульсін өлшеу мүмкіндіктері көрсетілді.
Медициналық куәландыруды автоматтандырылған режимде жүргізу бұл үрдіске бұрын-соңды жұмсалған уақытты 1 минутқа дейін қысқартуға, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етуге, бюрократияның алдын алуға және жүргізушілерді тексеру нәтижелерінің электрондық тізілімін жүргізуге мүмкіндік береді. Медициналық жабдықты автопарктің штаттық медицина қызметкерлерінің міндетті бақылауымен бір ай ішінде сынақтан өткізу жоспарланып отыр.
Жабдықты тестілеу қорытындысы бойынша жұмыс нәтижелері жан- жақты қарастырылып, пайдалану аясын кеңейту мәселелері мүдделі тараптармен талқыланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Көлік министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі №14 бұйрығымен жүргізушілерді рейстің алдында және рейстен кейін медициналық куәландырудан балама түрде өткізуге қатысты Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына түзетулер енгізілген болатын. Аталған түзетулер биыл 16 қазаннан бастап заңды күшіне енді.
Ермек Тұрсынұлы