Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Бесқарағайда бөлім бухгалтері сотталды - Бас прокуратура

9-11-2023, 12:17 018.kz

Абай облысының Прокуратурасы Бесқарағай ауданының прокуратурасымен мемлекеттік мекемеде «Өлі жандарды» анықтады.

Аудан прокуратурасы жүргізген талдаумен 2015-2023 жылдар аралығында Бесқарағай ауданының жер қатынастары бөлімінің жүргізушісі ретінде адамды жалған жұмысқа орналастыру фактісі анықталды.

15.08.2023 жылы аудан прокуратурасы бұл фактіні СДТТБТ-де тіркеп, қылмыстық істі тергеу бойынша Абай облысының экономикалық тергеу департаментіне тапсырды.

Тергеу аяқталғаннан кейін ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша бухгалтерге қатысты қылмыстық іс (қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау) сотқа жіберілді.

Істі қарау аудан орталығының мемлекеттік мекемелерінің бухгалтерлерін шақыра отырып, ашық көрсетілімдік сот отырысында өткізілді, онда сотталушы «К.Н.» өз кінәсін мойындап, мемлекетке 5 млн. теңге көлемінде залал тергеу сатысында өтелгенін түсіндірді.

12.10.2023 жылы «К.Н.» сотының үкімімен 3 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды (сот актісі заңды күшіне енген жоқ).

Абай облысының прокуратурасы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив