Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жаңа халықаралық орталық ашылады

9-11-2023, 15:50 Сабина Әлібек

9 қарашада Ташкентте Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Өзбекстанның инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов екі ел шекарасында құрылатын «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімге қол қойды.

Нысан Атамекен (ҚР) және Гүлістан (Өзбекстан) өткізу пункттеріне жақын орналасады және өндірістік алаңдарды, тауарлар мен жабдықтарды сақтауға арналған қоймаларды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын қамтитын болады. Бұл жүк жеткізуді жеделдетіп, логистикаға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік кооперация орталығы жаңа өндірістерді, жұмыс орындарын ашуды, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін қайта өңдеуді ынталандырмақ, сондай-ақ тауарларды одан әрі тасымалдау үшін логистикалық қызметтерді қамтамасыз етеді.

Инфрақұрылымдық объектінің қызметі тауарларды тасымалдаудың тиімділігін арттырады, сондай-ақ оларды кедендік ресімдеу процесін жеделдетуді қамтамасыз етпек.

Келісімге қол қою жобаны іс жүзінде іске асыруға кірісуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік кооперация орталығының іске қосылуы екі елдің халықаралық саудасы мен экономикалық жүйелерінің интеграциясын одан әрі дамытып, екі ел арасындағы тауар  айналымын 10 млрд.долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив