Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысы бюджетінің игерілуі туралы ақпарат

9-11-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының 2023 жылға арналған бюджеттің жылдық көлемі 419 928,3 млн теңгені құрайды, оның ішінде облыстық бюджет – 279 914,7 млн теңге, аудандар мен қалалар бюджеті – 140 013,6 млн теңге.

Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша 312 778,8 млн теңге жоспарда (облыстық – 209 143,1 млн теңге, аудандар мен қалалар – 103 635,7 млн теңге), 304 066,4 млн теңге немесе 97,2% игерілді (облыстық – 205 728,6 млн теңге, аудандар мен қалалар – 98 337,8 млн теңге).

Бөлінген қаражаттың негізгі көлемі келесі салаларға бағытталды:

- Білім беру – 118 894,5 млн теңге;

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 58 370,0 млн теңге;

- Көлік және коммуникация – 28 036,1 млн теңге;

- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 23 732,8 млн теңге;

- Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 21 231,2 млн теңге;

- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 12 843,0 млн. теңге;

- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 12 203,7 млн теңге;

- Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі - 6 744,4 млн теңге;

- Денсаулық сақтау – 3 071,8 млн теңге;

- Өзге салаларға – 18 938,9 млн теңге

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыс бюджетінің игеру көрсеткіші 97,2% құрады. Игерілмеген қаражат қалдығы мердігерлік ұйымдардың жұмыс жүргізу кестесінен артта қалуына байланысты, мемлекеттік сатып алу нәтижелері мен басқа да шығыстар бойынша үнемдеулер есебінен қалыптасты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив