Автожолдарды қыс маусымына дайындау белсенді жүріп жатыр
Бесқарағай ауданында жалпы ұзындығы 146 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар «Омбы – Майқапшағай» және 192 шақырымдық облыстық маңызы бар «Семей – Долон – Бесқарағай – Ерназар – Қоянбай» автожолы учаскелерін профильдеу және жол жиектерін өсімдіктерден тазалау жұмысы аяқталды.
Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 240 шақырым аудандық маңызы бар автожолдың да қыс мезгіліне дайындау бағытында жұмыстар қолға алынған.
Ауданда қысқы маусымға дайындық әдеттегідей жүргізіліп, барлық қажетті техника, соның ішінде автогрейдер, жүк тиегіш пен трактор пайдалануға дайын. Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті материалдар (тұз, құм және т.б.) және жанар-жағармай қоры жинақталды.
Анықтама үшін: Бесқарағай ауданындағы автомобиль жолының жалпы ұзындығы «Омбы – Майқапшағай» республикалық автожолының учаскесін және «Семей – Долон – Бесқарағай – Ерназар – Қоянбай» облыстық автожолын қоса алғанда 806 шақырымды құрайды. Аудандағы аудандық маңызы бар автожолының учаскесі ұзындығы 240 шақырым, ауылішілік жолдар 228 шақырым.