Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Қазақстан Елшісі Босния мен Герцеговина Президиумының Төрайымына сенім грамоталарын тапсырды

14-02-2023, 16:23 Думан Кенжеғазыұлы

Сараево, 2023 жылғы 13 ақпан – Қазақстанның Босния мен Герцеговинадағы Елшісі қызметін қоса атқаратын Алтай Әбибуллаев Босния мен Герцеговина Президиумының Төрайымы Желке Цвияновичке сенім грамоталарын табыс етті Салтанатты іс-шара барысында екі елдің екіжақты және көпжақты ынтымақтастығының неғұрлым перспективалы бағыттары туралы жан-жақты пікір алмасу өтті.

Елші Президиум басшысына Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық тың өзгерістерге шолу жасап, конституциялық референдум мен кезектен тыс президенттік сайлау қорытындыларының тарихи маңыздылығы жайлы баяндап берді. Ү.ж. 19 наурызда өткелі отырған парламенттік сайлау тұрғысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты елімізді жаңғыртудың жаңа серпінді белесіне көтеруге серпін беретіні атап өтілді. Қазақстан басшылығының екі елдің мемлекетаралық байланыстары мен прагматикалық өзара іс-қимылын тереңдетуге бағытталған дәйекті бағытына назар аударылды. Бұған Сараеводағы Қазақстанның Құрметті консулдығы мен Іскерлік ынтымақтастық қауымдастығының қызметі ықпал етуі тиіс.

Президиум Төрайымы Ж. Цвиянович Қазақстан Босния мен Герцеговинаның маңызды сыртқы саяси және экономикалық серіктесі болып табылатынын атап өтті. Ол Қазақстанға ресми сапармен келуге, сондай-ақ саяси диалогты жан-жақты дамытуға, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара байланыстар мен жобаларды жандандыруға ерекше қызығушылық білдірді. Ж. Цвиянович халқымызға және еліміздің президентіне ізгі тілектерін жеткізіп, ҚР Елшісіне екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін табысты дипломатиялық миссия тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив