Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

13-11-2023, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Президентке Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері жөнінде  есеп берілді.

Мемлекет басшысына Қазақстан экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету шаралары, сондай-ақ алтын-валюта қорының, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының барысы және цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспары жайында мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Тимур Сүлейменов экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру үшін тиісті шаралар әзірлеуге қатысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар  Ұлттық банк төрағасы ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жөнінде айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив