Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры тағайындалды

14-11-2023, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен «QazTrade»сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры болып Жеңіс Осербай тағайындалды.

Жеңіс Осербай 1981 жылы Алматы қаласындадүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Экономика саласында PhD докторлық дәрежесі бар, жобалау менеджері, жеткізу тізбегін басқарумаманы.

Еңбек жолын 2000 жылы қаржы секторында бастаған.

Әр жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-ныңеншілес ұйымдарында басқарушылықпозицияларда жұмыс істеді.

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды, АӨК-ке инвестициялар тарту, АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, халықаралық интеграция, агро азық-түлік нарықтарын реттеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның Директорлар кеңесін басқарды.

2023 жылдың қазан айынан бастап осы тағайындауға дейін «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болды.

Жеңіс Осербай «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Рустам Асулбектің орнына келді, ол өз өкілеттігін өз қалауы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатты.

Анықтама:

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ - экспорттаушыларға шығындардың бір бөлігін өтеу, қазақстандық шикізаттық емес өнімді өткізу саласындағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. «QazTrade» АҚ-ның Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив