Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Сенатта ақпараттық қауіпсіздік туралы заң қаралды

15-11-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады.

Заң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Кәсіпкерлік, Еңбек және Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының он заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Қаралып жатқан түзетулермен уәкілетті орган ретінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қосымша функция беру жоспарлануда.

Сонымен қатар ұлттық мүддені қорғау және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін иммигранттардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынудың міндетті тетігін енгізу көзделіп отыр.

Депутаттар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив