Ұлттық ұлан сарбазы грант иегері атанды
Әскерде жүріп, білім грантын ұтып алды. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің сарбазы «Әскери міндеттілер 2.0» сандық платформасы арқылы таңдаған мамандығына оқуға түсті. Мерзімді әскери қызметшіге білім сертификатын табыстау рәсімі сарбаздарды құрметтеу кешінде ұйымдастырылды. Жауынгерлік ту ортаға шығарылып, әнұран шырқалған салтанатты шараға әскери бөлім ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары және әскери қызметшілер қатысты. Бір жыл ішінде Отан алдындағы борышын абыройлы өткергендер әскери бөліммен қимастықпен қоштасуда. 2-2022 жылғы шақырылымының сарбаздарына ақжол тілеген әскери бөлім командиры подполковник Медет Ертайлақов жауынгерлік қызметте үздік танылғандарға мадақтау қағаздарын табыстады. Тағылымға толы кештің, әсіресе, қатардағы жауынгер Ризат үшін мән-мазмұны бөлек. Командир қолынан білім сертификатын алған ол Павлодар облысындағы жоғары оқу орынынан білім алмақ. Әскерге дейін музыкалық колледжді тәмамдаған ол алдағы уақытта ұлттық өнерді дамытуға еселі үлес қоспақ.
Ризат ҚАЙЫРКЕН, қатардағы жауынгер:
Шара соңы әскери бөлім өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Еске салайық, 2-2022 жылы әскерге шақырылған әскери қызметшілерге арналған білім жобасына Ұлттық ұланның 6402 сарбазы қатысты.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі