Cемей0°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Теңгенің мерейтойы: Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл

15-11-2023, 15:41 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қазақстанда Ұлттық валюта күні аталып өтілуде. 

1993 жылғы 15 қарашада еліміздің төл валютасы - теңге айналымға енгізілді, бұл Қазақстанға нарықтық экономика құрып, оны дамытуға мүмкіндік берді. Себебі, Ұлттық валюта – тәуелсіздіктің символы және мемлекеттің ақша жүйесінің негізі. 

Осы жылдар ішінде ұлттық валюта жаһандық қаржылық дағдарыстарға төтеп беріп қана қоймай, одан әрі дамып келеді. Бүгінде Қазақстанның қаржы секторы өңірдегі озық секторлардың бірі болып танылды, ал «Цифрлық теңге» жобасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс елімізге қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, инновациялық қаржы өнімдерін жасау үшін заманауи технологияларды пайдаланатын әлемдік көшбасшылардың қатарында болуға мүмкіндік береді.

Теңгеміз қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып, одан әрі нығая берсін! 

Бүгін кәсіби мерекелерін атап өтетін қаржы жүйесінің қызметкерлерін де құттықтаймыз! 

Еңбектеріңіз табысты болсын!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив