Абай облысында зағип жандарға арналған таяқша ойлап тапты
Аягөз ауданының мұғалімдері көру қабілеті нашар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін пайдалы өнім ойлап тапты. Күнделікті өмірде қауіпсіз қозғалысты, өзіне деген сенімділікті қамтамасыз ететін «Электрондық жетекші» деп аталатын құрылғы әр түрлі жарақаттардың алдын алады.
Таяқтағы датчик пайдаланушының жолындағы кедергілерді алдын ала анықтап, олардың соқтығысуын болдырмайды. Заманауи таяқтың басқа да артықшылығы көп. Мысалы орнатылған арнайы зуммер датчигі дыбыстық нұсқаулар береді және пайдаланушыға қажетті орынды табуға көмектесетін мобильді қолданбалар да бар.
Бұдан бөлек, қоршаған ортадағы әртүрлі нысандарды және басқа да маңызды бөлшектерді анықтауға көмектесетін компьютерлік көру технологиясы да қарастырылған. Сондай-ақ басқа құрылғыларға қосылу мүмкіндігіне ие, қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін смартфондар сияқты басқа құрылғылармен өзара әрекеттестіруге болады.
Жоба авторлары: информатика пәні мұғалімдері Алтынай Ибраева, Арайлым Искакова, орыс тілі пәні мұғалімі Айжан Куандекова, математика пәні мұғалімі Надырбаев Данияр.
Айта кетсек, Аягөздік ұстаздар осы айда өтетін ІТ чемпионатына өз жобаларын әзірлеп жатыр.