Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Биыл «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасына 320 мың бала қатысты

17-11-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада мемлекеттік тілді насихаттай отырып, қазақ мәдениеті мен ұлттық дәстүрді дәріптеуге арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы өз мәресіне жетті.

Салтанатты шараға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚР Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктері мен жастар ұйымының өкілдері, жоба жеңімпаздары қатысты.

Айтулы жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен тоғызыншы рет өтті. Іс-шара аясында еліміздің барлық аймағында «Өнерлі өрге жүзер» және «Жарқыра, жас дарын!» аталымдары бойынша қазақ тілін білуге ​​арналған 6 мыңнан аса шара мен байқаулар өткізілді.

Жиында құттықтау сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов министрліктің этносаралық бағытта жоғары сапалы қазақтілді контентті дамытуға және жастар үшін біртұтас мәдени кеңістік құруға бағытталған жобалары туралы айтты.

«Елімізде мемлекеттік тілді меңгеру үшін барлық жағдай жасалған. Қазақ тілінде көптеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар шығарылады, бейнежазбалар мен аудио подкастар бар. Этникалық топ өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруіне мүмкіндік беретін жобалардың бірі – «Мың бала» жобасы»,-деді Қанат Ысқақов.

Биыл барлығы 320 мыңнан астам бала қатысты. Олардың 35-і жеңімпаз атанды. Қатысушылар мәнерлеп оқу, қазақ ақындарының музыкалық шығармаларын орындау бойынша концерттік нөмірлер қойып, жеке шығармашылығынан өлеңдер оқыды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив