Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде Мәңгілік Ел көшесінде жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

18-11-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қалада демалуға және бос уақытты тиімді өткізуге арналған жаңа орын ашылып, халық игілігіне берілді. Бұл облыс ашылғалы бері  Семейде бірінші қоғамдық кеңістік емес.

Қоғамдық кеңістік заманауи стильде жасалған, жасыл кеңістіктер отырғызылған, шағын архитектуралық пішіндер мен жаяу жүргіншілерге арналған ыңғайлы төсеніштер жасалған.

Семей қаласындағы Ақындар орталығының жетекшісі Дәметкен Омарбаева атап өткендей, бұл жаңалық барлық семейліктер үшін маңызды оқиға болды.

- Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Әлихан Бөкейхан ескерткішінің жанындағы Арбатта осы қоғамдық кеңістіктің ашылуы демалыс орны ретінде ғана емес, үлкен маңызға ие. Себебі бұл жерде халық көп жиналады, орталықта орналасқан. Әсіресе жастар және қарт адамдар үшін. Облыс басшылығына атқарылған жұмыстар үшін көп рахмет, - деді Дәметкен Омарбаева.

Қала тұрғыны Рахметолла Ракышев барлық семейліктер үшін қаланың  абаттандырылып, халық үшін белсенді демалыс орындарының ашылуы ерекше деп атап өтті.

- Бұл семейліктер үшін ерекше қуаныш. Бір жылдан астам уақыт, біз қалай облыс болдық көптеген жақсы, көз қуанарлық жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін тағы бір қуанышты жағдай  керемет қоғамдық кеңістіктің ашылуы болды. Үлкен жұмыс тек қала орталығында ғана емес, сонымен қатар шетіндегі Шығыс, Нахаловка, басқа да шеткері аймақтарды да жүргізілуде, - деді қала тұрғыны.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, қоғамдық орындарды ашу жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Қала басшысы бүгін Красный кордон халқы үшін жақсы, заманауи футбол алаңы ашылса, келесі аптада Шығыс кентінде қоғамдық кеңістік ашылатындығын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив