Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
452.59 507.67 5.48

Әділет вице-министрі Канаданың Қазақстан Республикасындағы Елшісімен кездесті

15-02-2023, 11:32 Думан Кенжеғазыұлы

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Канаданың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алан Хэмсонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанда құқықтық базаны дамыту, «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы», «Прокуратура туралы» және «Конституциялық Соты туралы» үш Конституциялық заңның күшіне енуі, сондай-ақ өңірлерде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдерін құру тақырыптары талқыланды.

Кездесуге қатысушылар мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдар тобын кеңейту, сайлау жүйесін дамыту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етілді. Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастың жемісті дамуын атап өтіп, нәтижелі кездесу үшін бір-біріне алғыстарын білдірді. Кездесу сындарлы және іскерлік жағдайда өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив