Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы үздік мамандарды анықтады

20-11-2023, 16:43 Думан Кенжеғазыұлы

Алматыда Қазақстан Қарулы күштерінің мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы мамандарының оқу-әдістемелік жиыны аяқталды.

Үш күндік жиын ҚР Қарулы күштері Бас штабы мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник Тимур Сәдуақасовтың басшылығымен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында өтті.

Жиынға қатысушылардың алдында Қорғаныс министрінің режим бойынша көмекшісі полковник Талғат Ахметов сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол әскери мақсаттағы ақпараттандыру объектілеріндегі маңызды мәліметтерді қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру және ҚР ҰҚК уәкілетті органымен өзара тығыз іс-қимыл жасау жөніндегі негізгі бағыттарды жеткізді.

– Жиындар шеңберінде офицерлерге киберқауіптерді танудың жаңа жүйелері, нысаналы шабуылдардың анализаторлары, вирусқа қарсы қауіпсіздік орталығы, сондай-ақ техникалық барлауға қарсы тұруға мүмкіндік беретін аппараттық құралдар көрсетілді, –  деді Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының бастығы подполковник Ғалым Жақсылықов.

Жиында әскери қызметшілерді далалық жағдайларда арнайы байланыс органдарын өрістетуге, қорғалған жергілікті есептеу желілерін құруға және құпия байланыс аппаратурасын бақылауға үйрету мақсатымен бірқатар жұмыс нүктелері ұйымдастырылды.

Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі бастықтарының қатысуымен проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

2023 оқу жылындағы жұмыс қорытындысы шығарылып, мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы үздік мамандар анықталды. Олардың қатарында майорлар Бақытжан Сүлейменов, Александр Македонский, капитан Дәурен Исаков, аға лейтенанттар Данияр Ахунбаев, Сымбат Амантаев, Мадияр Үкенов және Ерсұлтан Болат бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив