Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

Қарулы күштерде кадрлық тағайындаулар жүргізілді

31-07-2023, 13:53 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бірқатар офицерлерді қызметке тағайындау және жоғарылату туралы бұйрықтарға қол қойды.

Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тыл жөніндегі) орынбасары – Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасы Тыл бас басқармасының бастығы полковник Рүстем Мұратбекұлы Қалықпаев ҚР Қарулы күштері Қару-жарақ бастығы болып тағайындалды.

Полковник Талғат Серікұлы Сыздықов Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы қызметінен босатылып, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының (тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі) орынбасары – ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының Тәрбие және идеологиялық жұмыс бас басқармасының бастығы болып тағайындалды. 

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысының өкімінде тұрған полковник Тимур Төлегенұлы Еспағанбетов екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы болып тағайындалды.

Штаб бастығы – Шоқан Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери колледжі бастығының орынбасары полковник Болат Кәрімұлы Оспанбеков осы оқу орнының басшысы болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив