Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Қазақстанның 19 мемлекеттік органының қызметкерлері кәсіптік біліктілік бойынша салалық кеңестер құру бойынша оқытылды

21-11-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбекмині жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган кәсіптік біліктілік бойынша салалық кеңестер құру, мемлекеттік органдар өкілдері үшін салалық біліктілік шеңберлерін (бұдан әрі – СБШ) және кәсіптік стандарттарды (бұдан әрі – КС) әзірлеу бойынша семинарлар циклін өткізуді аяқтады. 19 орталық мемлекеттік органның қызметкерлері үшін барлығы 4 семинар өткізіліп, оған 113 сарапшы қатысты.

Семинарларды өткізудің барлық кезеңінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат, Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция, Әділет, Ұлттық экономика, Қаржы, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар министрліктері мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қызметкерлері оқытудан өтті.

Семинарлар аясында салалық кәсіптік біліктілік кеңестерінің алдында тұрған міндеттер, сондай-ақ оларды құру тетігі талқыланды. Қатысушыларға СБШ әзірлеу және өзектендіру кезеңдері ұсынылды, ондағы бөлімдердің мазмұны түсіндірілді және оларды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге талдау жүргізілді.

Сондай-ақ, кездесулерде қатысушылар пікір алмасып, проблемалық мәселелер талқыланды, кәсіптік стандарттар бойынша кәсіптер карточкаларын әзірлеу мысалдары қаралды.

Сараптамалық қоғамдастық өкілдеріне арналған семинарлар циклі Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға мүдделі тараптардың қатысу дәрежесі мен сапасын арттыру мақсатында өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив