Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Оңтүстік Кореялық мамандар ғимараттарды паспорттау бойынша тәжірибелерімен бөлісті

21-11-2023, 14:59 Сабина Әлібек

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ алаңында кореялық KICT (Корей құрылыс технологиялары институты) және Global Construction Technology компанияларының басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында шетелдік делегация өкілдері өз қызметі туралы тарқатып айтып, Кореядағы ғимараттарды егжей-тегжейлі, визуалды және техникалық тексеруді жүргізу, құрылыстың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін нормативтік құжаттардың талаптары туралы ақпараттармен бөлісті.

Global Construction Technology компаниясында CEO Ким Чанг Су өз сөзінде 1990 жылдары Кореядағы ғимараттардың паспортталуы туралы презентация жасады. Жапониядан айырмашылығы, Корей түбегі тұрақты болып саналады, әрі онда жер сілкінісі сирек кездеседі.

Тексеріс нәтижесі бойынша, ғимараттардың сапасы толық сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген. Оның 14% - ы бұзылуға жататыны және 80% - дан астамы күшейтуді қажет ететіні анықталды. Сарапшылар мұндай деректерді алаңдаушылықпен атап өтті, оның салдарымен күресу үшін дереу іс-шаралар қолданылып, оның басы-қасына ғылыми қызметкерлер шақырылып, қолданыстағы нормалар, талаптары мен дизайны қайта қаралған. Жаңа құрылыс стандарттары қабылданғаннан кейін Оңтүстік Кореядағы заманауи ғимараттар жеткілікті қауіпсіздік шегімен салына бастады.

Орындалған жұмыстардың негізінде Ким мырза ғимараттарды зерттеу және Қазақстандағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету және құрылысты күшейтуді әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Өз кезегінде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаров институттың тексеру жүргізуде үлкен тәжірибесі бар екенін атап өтіп, паспорттау бойынша алдағы жұмыстар туралы айтты. Айта кету керек, Алматыда 16 701 нысанға, оның ішінде көппәтерлі тұрғын үйлерге, қонақ үйлерге, әлеуметтік нысандарға, азаматтық және қоғамдық ғимараттарға паспорттау жүргізу жоспарлануда.

Паспорттау жер сілкінісі кезінде мүмкін сценарийлердің жоспарын құруға мүмкіндік береді. Паспорттау аяқталғаннан кейін әрбір зерттелетін объект электрондық паспорт алады.

Кездесу соңында Global Construction Technology компаниясы ғимараттар мен құрылыстарды зерттеуде тығыз ынтымақтастық орнатуға қызығушылық танытты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандум жасасу туралы уағдаласты. Меморандум шеңберінде Қазақстан мен Оңтүстік Корея аумағында екі елдің ғалымдары мен мамандарын тарта отырып, зерттеу жөніндегі бірлескен іс-шараларға қатысу көзделеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив