ТЖМ Оқу-ағарту министрлігінің оқу-әдістемелік орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Сыздықов Бауыржан Мәдіұлы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК директоры Шер Раиса Петровна өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
Ынтымақтастықтың мақсаты тараптардың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру мәселелері бойынша мыналарға бағытталған салаларда жәрдемдесу болып табылады:
- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимыл дағдыларын оқыту арқылы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру;
- қосымша білім беру жүйесінде төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау;
- төтенше жағдайлардың, оның ішінде су объектілеріндегі қауіпсіздіктің алдын алу және жою бойынша балалардың іс-әрекет дағдыларын оқытуға қамтылуын арттыру.
ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелері оқушыларды экстремалды жағдайларда іс-қимылға үйретуге бағытталған жобаларды іске асырады, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын ескере отырып, әрдайым балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық іс-шаралар өткізеді.
Бұл өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін нығайту, өмірі мен денсаулығын қорғау жолындағы халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін кезекті қадам.