Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Елімізде «Worldskills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионаты басталды

22-11-2023, 17:04 Сабина Әлібек

Бүгін Астанада «WorldSkills Kazakhstan 2023» кәсіби шеберліктің VIII республикалық чемпионатының салтанатты ашылуы өтеді. Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 22 жасқа дейінгі аралықтағы 545 маман және 520 сарапшы қатысады.

Сайыстың үш күнінде, яғни 23-25 қараша аралығында «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығының аумағында колледж студенттері 30 құзырет бойынша өз шеберліктерін ортаға салады. Олардың ішінде кірпіш қалау, кузов жөндеу, бастауыш сыныптарға сабақ беру, бизнеске арналған IT шешімдер, қонақүйдің қабылдаушысы, аспаздық, шаштараз және т.б. бар.

Республикалық чемпионаттың қатысушыларын марапаттау рәсімі 27 қарашада өтеді. Жеңімпаздар келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатында Қазақстанның атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив