Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

«Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде

24-11-2023, 09:00 Сабина Әлібек

2023 жылғы 23 қарашада елімізде «Қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.

Оқу-жаттығу  Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізілуде.

Оқу-жаттығуды басқару штабы Петропавлск қаласында орналасқан.

«Қыс-2023» оқу-жаттығуы шеңберінде 23-24 қарашада республика бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив