Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
479.23 534.96 5.16

Кезекте тұрғандарды түгендеу кемінде тоқсанына бір рет жүргізілетін болады - Қанат Шарлапаев

23-11-2023, 15:50 Сабина Әлібек

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысындағы баяндамасында айтып өткендей, ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрғын үй кезегінен 21 607 азамат алынды.

Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде кезекте тұрғандарға тоқсанына кемінде бір рет түгендеу жүргізу бойынша ұсыныстар көзделген. Бүгінгі таңда әкімдіктер бұл жұмысты жылына бір рет қана жүргізеді.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, кезекте тұрғандардың қолданыстағы базасына заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан талдау жүргізді.

Алдын ала деректер бойынша 646 мың азаматтың 232 мыңы есептен шығарылуға жатады.

Анықтама:

Соңғы 5 жылда 96,1 мың тұрғын үйлі болды;

533-ҚР азаматтығы жоқ;

91,4 мың – тіркеу орны (тіркелу) кезекте тұрған өңірмен сәйкес келмейді;

29 мың - тіркеусіз;

15,6 мың адам қайтыс болды.

Бұл жұмысты жергілікті атқарушы органдар бұрын тиісінше жүргізбегенінің айғағы. 

Бүгінгі таңда әкімдіктер Министрлікпен бірлесіп осы бағытта жұмыс істей бастады. Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін кезектен 21 607 азамат алынды (ҰОС ардагерлері-5, жетім балалар – 1045, көпбалалы отбасылар – 3539, ХӘОТ – 7936, мемлекеттік қызметшілер мен бюджетшілер – 9002, авариялық тұрғын үйі бар азаматтар-80.).

Сондай-ақ, пленарлық отырыстың аясында министр кезекте тұрғандардың жалпы санынан, яғни 646 мың азаматтың тек 250 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері болып табылатынын хабарлады. Министр кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі проблеманың бар екенін министрлік мойындайтынын және қолда бар бюджет қаражатының барынша тиімді бөлінуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив