Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

БҚО-ның медициналық ұйымдарына жаңа санитариялық автомашиналардың кілттері табысталды

24-11-2023, 13:55 Сабина Әлібек

Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдары 21 бірлік санитариялық автокөліктің кілтін алды. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудандық ауруханалардың, қалалық емханалардың, қалалық көпбейінді аурухананың және психикалық денсаулық орталығының басшыларына жаңа Шевроле Кобалт автомобилдерінің кілттерін ресми түрде табыс етті.

Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық автокөлікті жаңарту қажеттілігі баяғыда, көліктің 78% мөлшерінде   ағымдағы тозуына байланысты пісіп жетілді.

Осы проблеманы шешу және халыққа уақтылы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен облыстық медициналық ұйымдар үшін 81 бірлік санитариялық автокөлікті, оның ішінде аудандық медициналық ұйымдар үшін 54 бірлікті сатып алуға 1, 7 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта автомобилдер жеткізіліп жатыр, ол ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив