Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.71 505.8 5.63

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесі құрылды

24-11-2023, 15:50 Сабина Әлібек

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Хавлахат Болаттың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңесін құрды.

Қоғамдық кеңестің құрамы толығымен азаматтық қоғам өкілдерінен қалыптасты, олардың арасында танымал спортшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен салалық қауымдастықтардың өкілдері бар. Кеңес құрамында – барлығы 16 адам.

«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға сәйкес аталған кеңестің құрамына кандидаттардың резервтік тізімі де құрылды.

Қоғамдық кеңес үш жыл мерзімге сайланады. Қоғамдық кеңестің міндеттері шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив