Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Алматыда белгілі брендтердің белгісімен контрафактілік өнімдер жойылды

24-11-2023, 18:19 Сабина Әлібек

Алматы қаласының Әділет департаменті Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулыларын орындау мақсатында 2,2 млн. теңге сомасына 700 бірлік контрафактілік өнімді жария түрде жойды.

Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Заңсыз енгізілген «LEGO» (балалар конструкторлары), «TOYOTA» (жеңіл автомобильдерге арналған ауа, отын, май сүзгілері) тауар белгілері бар өнімдер жойылды.

Контрафактілік өнімді сатып алу оларды пайдаланатын адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне теріс әсер етеді.

Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы қаласының Әділет департаменті тауар белгілерінің құқық иеленушілерінің өтініштері бойынша барлығы 34 жоспардан тыс тексеру жүргізді, 11 млн.теңгеден астам сомаға 12 мыңға жуық контрафактілік өнім тәркіленді.

Сот қаулыларымен барлық құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 158-бабы бойынша 2,2 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл түріндегі бөтен тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив