Үржар ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді
2023 жылдың басынан ауданда жалпы сомасы 4 987,3 млн теңгеге 337 жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда:
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында екінші деңгейлі банк арқылы 23 жоба жүзеге асырылып, «Даму қоры» АҚ арқылы субсидияланды;
«Даму қоры» АҚ арқылы 18 кәсіпкерге 127,0 млн теңге мөлшерінде кепілдік берілді;
Жыл басынан бері «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Іскер» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 521,7 млн теңгеге 60 жоба қаржыландырылды;
Есепті кезеңде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 233 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы лизингке сатып алынды.
2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 583,7 млн теңгені құрайтын 100 жобаға құжат жіберді. Бүгінде 59 жоба мақұлданды.
Қосымша: Үржар ауданында 6532 шағын және орта бизнес субъектілері бар. Тіркелгендердің (6854 бірлік) ішінде жұмыс істейтін шағын кәсіпорынның үлесі 95,3% құрайды. Аудан тұрғындарының 15,2% немесе 6395 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысады.