Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
480.5 534.22 5.18

ҰБЖ дамыту шеңберінде оқытудың жаңа циклі басталды

27-11-2023, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту шеңберінде ҚР Еңбекмині жанындағы Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қауымдастықтары үшін оқыту семинарларының кезекті легін ашты.

Бірінші семинарға түрлі министрліктерден, жергілікті атқарушы органдардан, «Атамекен» ҰКП және ӨКП, жұмыс берушілер қауымдастығынан, білім беру және т. б ұйымдардан 70-тен астам адам қатысты.

Оқыту барысында Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның сарапшысы Динара Капитонова біліктілік жүйесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылына арналған Career Enbek цифрлық платформасының таныстырылымын өткізді. Платформа еңбек нарығындағы мансапты дамыту туралы ақпаратқа, сондай-ақ ұлттық және салалық біліктілік шеңберлері, кәсіптік стандарттар және кәсіптер тізілімі сияқты ҰБЖ өзекті құралдарына қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Семинарда Ұлттық біліктілік жүйесінің мақсаттары мен міндеттері, еуропалық біліктілік шеңберінің негізгі элементтері, деңгейлері мен дескрипторлары талқыланды. Іс-шара пікір алмасу және маңызды мәселелерді талқылау алаңына айналды.

Оқыту ай сайын жүргізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив